Еліміздің еңбек әлеуетінің негізгі үлесін жастар құрайды, бірақ ол халықтың басқа санаттарына қарағанда еңбек нарығында жұмыс істеуінің теріс салдарына бейім. Бұл әсіресе ауылдық жерлерде айқын көрінеді.
Бүгінде облыс бойынша екі мыңға жуық жұмыссыз ұлдар мен қыздар тіркелген. Кәсіби дайындықтың болмауы және біліктіліктің төмендігі ауыл жастарын еңбек нарығында бәсекеге қабілетсіз етеді.
Жетісу облысында "Талдықорған өңірлік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры" «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қолдауымен ауыл жастарын жұмысқа орналастыруға және іскерлік бастамаларды қолдауға бағытталған әлеуметтік жобаны іске асыруда. Жоба ауылдық жерлерде тұратын жұмыссыз жастарды әлеуметтендіруге және оқытуға бағытталған.
Жобаның негізгі мақсаты - теориялық білім беру ғана емес, сонымен қатар үздік бизнес-жобаларды іске қосуға көмектесу. Бұл үшін ұйымдастырушылар "жұмсақ дағдыларды" (soft skills) дамыту бойынша тренингтерден және қаржылық сауаттылықтан бастап үздік бизнес-бастамаларды гранттық және тәлімгерлік қолдауға дейінгі кешенді бағдарламаны қарастырды. Жобаның ең күтілетін бөлігі гранттық конкурс болады. Оқыту қорытындысы бойынша үздік он бизнес-идеяның авторлары өздерінің стартаптарын іске асыруға 3 миллион теңге көлемінде қайтарымсыз гранттар алады. Бұл жоба ауыл жастарын белсенді өндірістік қызметке тарту үшін жағдайларды қалыптастырады.
Кәсіптік мектептер мен колледждердің түлектері, жоғары оқу орындарының жоғары курс студенттері – жас кадрлар ауыл шаруашылығы саласында да өздерін сынап көре алады. Ең бастысы-агробизнесте жұмыс істеуге, белсенді, коммуникативті, мақсатты және жауапты болуға, жаңа білім, мен дағдыларды алуға ашық болу деген ұмтылыс.
Мақсатты топтарды таңдау (ауыл және жұмыссыз жастар) келесі факторлардың болуына байланысты:
ауылдық жерлерде жастардың жоғары үлесі;
білім беру және экономикалық мүмкіндіктерге шектеулі қол жетімділік;
жұмыссыздық және NEET санатының болуы;
өңір жастарының кәсіпкерлік әлеуетін дамыту қажеттілігі.
Осы топтарға назар аудару жобаның нысаналы индикаторларына қол жеткізуді және барынша әлеуметтік-экономикалық әсерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жоба шеңберінде ауыл және жұмыссыз жастарды әлеуметтендіруді күшейту үшін ақпараттық сессиялар, softskills, әлеуметтендіру және командалық жұмыс бойынша тренингтер мен семинарлар, кәсіпкерлік, қаржылық сауаттылық бойынша модульдерді ұйымдастыру, бизнес-жоспарларды әзірлеу; стартаптарды іске қосуға жәрдемдесу; стартаптардың питчинг-сессияларын және идеялар конкурстарын өткізу, менторлық қолдау өтеді.
Бүгінгі таңда ақпараттық сессиялар Көксу, Ескелді, Ақсу, Алакөл, Сарқан аудандары мен Текелі қалаларын қамтыды. Кездесулер барысында мамандар жастарды бизнес-жоспарларды әзірлеуге және питчинг-сессияларға дайындыққа үйретеді.
Ауыл жастарының бастамаларын қолдаудың гранттық бағдарламалары ауылда азаматтық қоғам институттарын дамытудың тетігі болып және ауылдың дамуы мен тұрақтылығына ықпал етеді.
Бұл жобаны іске асыру өңірдің жастардың кәсіби өсуі мен қаржылық тәуелсіздігі үшін жаңа мүмкіндіктер ашумен жалғасуда.
С. Сәдуақасова,
Талдықорған өңірлік
жұмысқа орналасуға жәрдемдесу қорының жетекшісі







