Сентябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6

vestnik.arsk

2020 жылдың 18 тамызында сағат 16.00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен) ZOOM интернет-платформасы арқылы «Азаматтық бірегейлікті қалыптастыру және этномәдени бірлестіктер арасында қазақстандық патриотизмді дамыту» жобасының ұйымдастырушылары мен қатысушыларының ақпараттық кездесуі өтеді.

Ұзақтығы: 1 сағат.

Жоба «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ -ның гранты аясында жүзеге асырылады.

Жобаның басты мақсаты - этномәдени бірлестіктердің этникалық топтары арасында қазақстандық бірегейліктің жалпы азаматтық құндылықтарын қалыптастыру мен нығайтуда ғылыми шығармашылық зиялылардың рөлін арттыру болып табылады.

Кездесуге ЭМБ өкілдері, жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері, университет оқытушылары, ҚХА кафедрасының өкілдері, мектептер мен басқа да білім беру ұйымдарының оқытушылары, еріктілер қауымдастығы, үкіметтік емес ұйымдар, жоба серіктестері, мемлекеттік органдардың өкілдері қатыса алады.

Ақпараттық кездесу барысында жобаның тұсаукесері ұсынылып, жоба тобының мүшелері таныстырылады.

Сонымен қатар, жоба аясындағы іс-шараларды әлеуметтік желілерде жариялау жоспарланған.

Менеджерлер ұсынылып отырған өңірлердегі ЭМБ қызметі, пандемия кезіндегі ЭМБ қызметі жайлы және оларды әлеуметтік желілерде жарыққа шығару қажеттілігі туралы әңгімелейді.

Кездесу қорытындысы бойынша жоба жетекшісі берілген сұрақтарға жауап береді.

#qogamgov #cisc2020 #ассамблея #ассамблеянародаказахстана #АНК #аорц #bizbirgemiz #бізбіргеміз

Байланыс үшін:

Жоба үйлестірушісі: Вшивцева Наталья Николаевна

+7 701 750 2156,   Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

Сентябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6